Оқиға 29 қазанда Алматы облысы Іле ауданындағы "Сұңқар" автодромында болған.
Жас жігіт Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігінің астына түсіп, көз жұмды
Коллаж: Aikyn.kz
2,072
оқылды

Блогер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігімен қауіпті трюк жасамақ болған жас жігіт қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұл туралы блогер әлеуметтік желіде айтты. Оқиға 29 қазанда Алматы облысы Іле ауданындағы "Сұңқар" автодромында болған.

«Көлігімді қоймай сұрап жүрген Батырхан Ержан дейтін жігіт естеріңізде ме? Бермей қойған едім. Telegram-да пікірталас болды. ...Ақыры көлікті оның трюгі үшін бердім. Конустың бір түрі болды. ...Бір трюкті қайталағысы келді. Қайталай алмады. Ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Ал бүгін таңертең, өкінішке қарай, ол дүниеден өтті. ...Айтарға сөзім жоқ. Жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Оған көлікті бермей-ақ қоюым керек пе еді?", - деді Бейбіт Әлібеков.

Бейбіт Әлібеков осы оқиғаның алдында Telegram-да оқырмандары арасында "Бұл жігітке түсірілім үшін көлікті берейін бе?" деп сауалнама жүргізіп, өзін бір күдік мазалап тұрғанын айтқан.

Алматы облысының Полиция департаменті қайғылы оқиғаға қатысты түсінік беріп, тергеу жүріп жатқанын мәлім етті.

"29 қазанда автодром аумағында 22 жастағы жас жігіт видео түсірілімі кезінде трюк жасаймын деп, абайсызда 45 жастағы жүргізуші айдаған көліктің астына түсті. Салдарынан зардап шеккен адам аудандық ауруханаға жатқызылды, ол 30 қазанда есін жимастан қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.