«Курс бағамын ондаған, жүздеген мың адам қалыптастырады. Егер сіз 1 000 доллар сатқан болсаңыз, демек сіз ұсынысты арттырдыңыз, ал сатып алсаңыз, сұранысты арттырып отырсыз», – деп түсіндірді Мәжілістің жалпы отырысы барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Тимур Сүлейменов.
Ұлттық банктің 30 қазанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 491,70 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,07 теңге. Еуро –531,28 теңге.
«Егер АҚШ сайлауы және ОПЕК + шешімінен кейін айтарлықтай геосаяси өзгерістер болмаса және біздің ішкі экономикамызда қандай да бір құбылыс болмаса, менің ойымша, курс бағамы ағымдағы мәнде болады», – деп толықтырды ол.