ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтару ісіне қатысты қандай жұмыс істеліп жатқанын айтты.
"Жақында оң шешім болып қалады": Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды Қытайдан қайтаруға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: dalanews.kz
665
оқылды

ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтару ісіне қатысты қандай жұмыс істеліп жатқанын айтты, -   деп хабарлайды  Aikyn.kz

"Бұл мәселе бойынша жақын арада оң шешім болып қалады деп сенемін. ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратура Қазақстан азаматын Қытайдан қайтаруға бар күш-жігерін салып жатыр", - деді Бас прокурордың орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында тілшілерге.

Айтуынша, бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбай жазасын Қазақстанда өтеуге қатысты арыз берген.

Айта кетейік, 2014 жылы наурызда Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай Гуанчжоу әуежайында ұсталған еді. Оған шекарадан 4,5 келі есірткі алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол ұсталған кезде 20 жаста болған. 2015 жылғы маусымда Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.