Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Индонезияның Yogya Falcons командасына ауысатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.
– Құрметті менің оқырмандарым, мен Пролига 2025-те ойнау үшін Yogya Falcons волейбол клубымен келісімшартқа отырғанымды хабарлап, қуанышты жаңалығыммен бөліскім келіп отыр. Командаластарыммен және барлық индонезиялық волейбол жанкүйерлерімен кездесуді асыға күтудемін. Жақын арада көріскенше, – деп жазды спортшы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.