«Күйеуімнен зәбір көрдім» деп шағымданған мұғалімнің ісін «Nur Otan» бақылауына алды
«Күйеуімнен зәбір көрдім» деп шағымданған мұғалімнің ісін «Nur Otan» бақылауына алды
Фото: Интернеттен алынды
221
оқылды
Қостанайлық жас мұғалім Айсұлу Байтықованың  басындағы жағдайға партия бейжай қарамады. Бүгін  партияның  Қарабалық  аудандық филиалы төрағасының   бірінші орынбасары Р.Көшекбаев полиция майоры, Қарабалық аудандық полиция  бөлімі басшысының міндетін атқарушы С.Сағидуллаевпен және полиция капитаны, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау ісі бойынша инспектор Ирина Шевченкомен бірге Айсұлуға барды.    Кездесуден кейін Қарабалық ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, Айсұлу Байтықоваға 2020 жылдың 10 тамызынан бастап Қарабалықтағы А.Құнанбаев атындағы орта мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасу жайында ұсыныс айтылды. Сонымен бірге дағдарыс орталығының қызметі ұсынылды. Алайда Айсұлу одан бас тартты. Қарабалық аудандық полиция бөлімі Айсұлудың бұрынғы күйеуіне қатысты 30 тәулікке қорғау ұйғарымын шығарды.  width= Мұнымен қоса, партияның Қостанай облыстық филиалы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен Айсұлу Байтықоваға көмек көрсету туралы шешім қабылдады. «Заңгерлік көмек» партиялық жобасы аясында Айсұлуға тегін заңгерлік көмек беріледі. Сотта Айсұлуды «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ мүшесі, адвокат Чумак Алла Александровна қорғайтын болады.  width= 2020 жылдың 3 тамызында сағат 11.30-да Айсұлу талап арыз және құқықтық көмек алу туралы өтініш жазу үшін партияның облыстық филиалына шақырылды. Мұғалім жан-жақты қолдау білдіргені үшін «Nur Otan» партиясына алғыс айтты. Осыған дейін Қостанай облысындағы жас мұғалім Айсұлу Байтықова бұрынғы күйеуі аңдып жүргенін, бетіне қышқыл шашып жіберетінін айтып қорқытқанын мәлімдеген болатын. Мұғалім «Менің барар жерім жоқ, бірақ мына жерде өмір сүре алмаймын. Ол бетіме қышқыл шашып жіберетінін айтып, қоқан-лоқы көрсетеді. Қарабалық ауылында ешкім менің сөзіме құлақ аспайды. Өтінемін, маған көмектесіңіздерші. Балам шошып қалған, менің де, оның да психикасы бұзылды», – көпшіліктен көмек сұраған еді.