Сент-Луистегі (АҚШ) хайуанаттар бағы 15 жыл бойы жанында еркек жылан болмаған питон жеті жұмыртқа салғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Daily Mail.
Сонымен қатар, питон қазірдің өзінде 62 жасар екені де таңғалдырады. Өйткені жыландар бұл жаста жұмыртқа салмайды.
"Питомник қызметкерлерінің айтуынша, жыландардың барлық дерлік түрлері әйел мен еркектің шағылысу жолымен көбейеді. Тек сфералық питондар асексуалдық жолмен ұрпақ өрбіте алады екен. Бірақ мұның өзі өте сирек кездесетін жағдай. Қызметкерлер жыланның жұмыртқалауына дәл осы жағдай сепеп болуы мүмкін деп санайды. Бірақ, қандай да бір қорытынды жасауға әлі ерте", – дейді мамандар.
"Генетикалық сараптамасыз хайуанаттар бағының қызметкерлері бұл питонның жыныстық немесе асексуалдық жолмен көбейгенін анықтай алмайды. Қазір олар үлгілерді генетикалық зерттеуге жіберуге дайындалып жатыр", - деді питомник қызметкері Марк Ваннер.
Жыланның хайуанаттар бағына 1961 жылы келгені туралы айтылады. Бұған дейін ол жеке үйде ұсталған. Сфералық питондар Батыс және Орталық Африкада мекендейді. Қауіп төнген кезде дөңгелену қорғанатын болғандықтан сфералық питон аталып кеткен.