Ғалымдар коронавирус пандемиясының болашағын болжады
Ғалымдар коронавирус пандемиясының болашағын болжады
© сурет интернеттен алынды
198
оқылды
Ливандағы Бейрут америкалық университетінің ғалымдары  коронавирус инфекциясы қоңыржай климатты елдерде ұжымдық иммунитет қалыптасқан кезде маусымдық ауруға айналатынын болжады. Бұл туралы Frontiers in Public Health журналында жарияланған мақалада айтылады. Зерттеушілер тұмау вирусы және суық тиюден пайда болатын коронавирусты зерттеді. Қыста қоңыржай елдерде осы патогендерден туындайтын ауру шарықтау шегіне жетеді, алайда вирустар жыл сайын тропикалық өңірлерде де жүреді.  Ғалымдар вирустық инфекциялардың маусымдылығын бақылайтын  факторларды, сондай-ақ SARS-CoV-2 пандемиясы туралы деректерді де ескерді. Вирустардың ауада болу ұзақтығы, сондай-ақ адамдардың инфекцияны қабылдауы температураның маусымдық өзгерісіне және ылғалдылыққа байланысты екені белгілі болды.  Тұмау және басқа да респираторлық аурулармен салыстырғанда жаңа коронавирустың таралуы көп адамда иммунитеттің жоқтығына байланысты жылдам болып отыр. Сондықтан да маусымдылыққа әсер ететін факторлар жаз айларында COVID-19 таралуын тоқтата алмай келеді. Сауыққан соң немесе иммундаудан соң көп адамның иммунитеті нығайған кезде вирус маусымдық факторларға ықпал ететін болады.  Ол үшін коронавирустың таралуын шектейтін қатаң шараларды сақтау керек.