БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш әлемдегі қауіпсіздік үшін қазіргі уақытта коронавирустың жаңа түрі басты қауіп болып отырғанын айтты. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
COVID-19 пандемиясы - біздің өміріміздегі дағдарыстардың ешқайсысына ұқсамайтын дағдарыс. Бас Ассамблеяның сессиясы биыл басқаларына ұқсамайтын болады, - деп келтіреді дереккөз оның сөздерін.
Бас хатшы жақында пандемия миллион адамның өмірін қиятынын, вакцинаға қатты сенудің қажеті жоқтығын айтады, "өйткені ол дағдарысты жеңіп шығуға септігі жоқ" деп есептейді. Саясаткер Жер шарындағы барлық адам үшін қолжетімді болса ғана препараттың игілігін көре аламыз деп есептейді.
Сонымен қатар Антониу Гутерриш таяу жылы эпидемиямен күреске көмектесе алатын құралдардың тізімін кеңейтуге шақырды.