АҚШ-та коронавирус жұқтырған әйел адам немересінің үйлену тойына қатысқан соң бірнеше күннен кейін қайтыс болды,- деп жазады The Sun басылымы.
Қалыңдықтың айтуынша, тойға келгендер әжеймен ара қашықтық сақтауға тырысқан. Жас жұбайлар әлеуметтік желіде инфекция жұқтырған әжелерімен бірге түскен суреттерін жариялаған. Олардың айтуынша, фотографтан қалыңдық пен күйеу жігіт әжелерімен бірге түскендей етіп суретті өңдеуді сұрапты.
Қыз әйелдің өліміне коронавирус себеп болып-болмағанын нақтылап айтқан жоқ. Қалыңдық қайтыс болған әжейдің тойға келуін көпшілік сынап-мінесе де, қарияны соңғы рет тірі көргеніне қуанатынын айтты.