Сайлаудың қамымен ұшып бара жатқан вице-президентті құстар аспаннан жерге түсірді
Сайлаудың қамымен ұшып бара жатқан вице-президентті құстар аспаннан жерге түсірді
Фото: Интернеттен алынды
603
оқылды

Әуеде құстармен бетпе-бет келген АҚШ вице-президентінің ұшағы жерге шұғыл қонды.

Сейсенбі күні бортында АҚШ-тың вице-президенті Майкл Пенс болған ұшақ Нью-Гэмпширде әуеге көтеріле сала, әуежайға қайта оралды, - деп жазады "Қазақпарат". CNN-нің хабарлауынша, оқыс оқиға ұшақ аспанға көтерілген сәтте болған. Ұшақ көп ұзамай қауіпсіздік үшін жерге қайта қонған.   [caption id="attachment_74325" align="aligncenter" width="610"]сайлау, вице-президент, Майкл Пенс, АҚШ Фото: Дереккөзден алынды[/caption] Апатты жағдайдың себебін қазір мамандар анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, Пенс пен оның көмекшілері Вашингтонға басқа ұшақпен барады.

Айта кетейік, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Пенс Нью-Гэмпширде сайлауалды іс-шараларға уақытылы қатысып, елмен жүздескен.