Ресейде Костром облысында әкімшілікте тазалықшы болып жұмыс істеген тұрғын Марина Удгодская Чухлом ауданы Повалихинск ауылының басшысы болып сайланды. Адамдардың өзіне дауыс беретінін күтпеген тазалықшы не істерін білмей абыржып қалған. Әзірге ол жұмысын әрі қарай жалғастыра бермекші. Бұл туралы ол «Подъем» басылымына берген сұхбатында айтты.
Әйел сайлауға өз еркімен түспегенін айтты. Айтуынша, сайлауға қатысуын ауылдың қазіргі басшысы Николай Локтев сұрапты.
«Сайлауға қатысатын адам болмады. Ол кісіге көмектеспек болдым. Маған дауыс береді деп ойламаппын», — деді Удгодская.
Повалихинск ауылының жаңа басшысы өрт жыл тазалықшы болып істепті.
«Ары қарай не болатынын ешкім білмейді. Мен іштей дайын емеспін », — дейді әйел құжатпен жұмыс істеп білмейтінін алға тартып.