Эквадорда Сангай жанартауының атқылауы елдегі банан дақылдарының 55 мың гектарына зиян келтірді, өндірістің 30%-і жойылды, деп хабарлады El Comercio.
Салдарынан бір жарым млн қорап жеміске зиян келген, бұл экспортталатын өнім көлемінің 25-30% құрайды.
Сангай жанартауының атқылауы 20 қыркүйекте басталды. Түтін бағаны 10 шақырым биіктікке көтерілген. 83 мың гектар аумақтағы тұрғын үйлер мен егін дақылдары күлге көмілді. Гуаякилдегі халықаралық әуежай жабылды.