Қазақстан өз мақсатына қарай нық қадам жасауда
Қазақстан өз мақсатына қарай нық қадам жасауда
147
оқылды

Осы себепті оның «Жаңа жағдайда Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бүкіл әлемде, әсіресе Түркі әлемінде қызығушылық тудырды.

Тоқаев өз жолдауында қызметке кіріскен күннен бастап қандай қадамдар жасағанын, күн тәртібіндегі ең маңызды мәселе – пандемиямен күресте қандай істер атқарылғанын және алдағы кезеңге жоспарланған іс-шараларды баяндады.

Бірінші кезекте – адам

Өз қызметіне азаматтардың талаптарын мемлекеттің барлық құрылғыларымен тыңдауын және дереу жауап беруін талап ететін «Халқына құлақ асатын мемлекет» ұғымын енгізуден бастаған Қасым Жомарт Тоқаев осы түсінік шеңберіндегі іс-шараларды сәтті жүзеге асыруда. Ол мемлекеттің азаматты тыңдап және көріп ғана қоймай, сонымен бірге дұрыс және әділ шешім қабылдау керектігін тағы бір рет атап өтті. Президент азаматтардың құқықтарының уақтылы қорғалуын қамтамасыз ету, адам құқықтарын қорғау бойынша жаңа шаралар қабылдау және сот жүйесінде жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін құқықтық моделді жүзеге асыру сияқты мәселелерге тоқталып, мемлекеттің бірінші кезекте адамға көңіл бөлетіндігін тағы да еске салды.

Жеті қағидалы мақсат: Экономикадағы толық тұрақтылық

Мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қайта құру жаңа моделі Қазақстанның барлық салаларында елеулі жетістіктер тудыратыны айқын. Қасым Жомарт Тоқаевтың жариялаған реформалары Қазақстанға ұлттық деңгейде ғана емес, халықаралық аренада да жаңа серпін береді. Жаңа әлемдік нарықтық ортаға дайындалу үшін әртараптандырылған, технологиялық экономика құру міндетті. Сондықтан табыс пен міндеттерді әділ бөлу, жеке кәсіпкерлікті қолдау, әділ бәсекелестік тәртібін белгілеу, жаңа буын кәсіпкерлеріне нарықтарды ашу, өнімділікті арттыру, технологиялық базаны нығайту, адам капиталын дамыту, білім берудің жаңа типіне инвестиция құю, қоршаған ортаны жасыл экономикамен қорғау және мемлекеттің өзінің шешімдері үшін қоғам алдында жауап беруі сияқты принциптерге негізделген жаңа экономикалық тәртіпті қалыптастыруға ұмтылыс жасалып отыр. Ел экономикасы осы жеті қағидамен бүгінгі жаңа жағдайда тұрақтылықты сақтап қала алады.

Тәжірибе мен талпыныстар сабақтастығы бар

Қазақстанның жетістіктерінің негізінде өткен тәжірибесімен жаңа талпыныстарының арасындағы сабақтастықтың жатқаны белгілі. Тоқаев осы принцип негізінде жаңа бағытын анықтап отыр. Халқының әл-ауқатын жақсарту мақсатында Қазақстанда реформалардың жүзеге асуы және экономиканың отандық өнеркәсіп, ауылшаруашылық және тасамал салаларына басымдық беру – өте маңызды бастама. Ауыл шаруашылық пен өнеркәсіпте ірі жобаларды жүзеге асыру және елдің көлік және логистика саласындағы жаһандық көлік дәліздерімен интеграциялануын табысты түрде пайдалану елдің жаңа жетістіктерге қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Осы маңызды әлеуетімен Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін одан да тартымды болады. Пандемияға байланысты қиындықтарға тап болған кәсіпкерлерге салық жеңілдіктерімен субсидиялар беру арқылы қолдау көрсетіп отырған Қазақстан үкіметі осы күрделі кезеңде қосымша қаражат бөлінетіндігін хабарлау арқылы кәсіпкерлерді қуантып отыр. Бұған қоса, пандемиямен күрес кезінде қабылданған шешімдер мен ұсынылған қызметтер арқылы халықтың көңілінен шығып отыр. Аймақтардың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын ескере отырып, елде аймақтық дамудың біртұтас үдерісін бастау өте өзекті. Отбасылық және демографиялық зерттеулердің нәтижесінде азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау үшін «Әлеуметтік құқықтар туралы заңның» жетілдірілуі өте маңызды. Тоқаев қызметке кіріскен кезде сөйлеген сөзінде және осы жолғы «Халыққа жолдауында» білім беру саласындағы мұғалімдер мен оқушыларға берілетін жаңа құқықтар мен мүмкіндіктерді дамыта беретіндігін баса айтты. Осыған сәйкес, білім сапасын арттыру арқылы елдің дамуына үлкен үлес қосылады. Денсаулық сақтау саласында ұлттық қауіпсіздіктің бір бөлшегі болып табылатын барлық маңызды дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың елде өндірілуі көзделіп отыр. Пандемия бұл жағдайдың маңыздылығы көрсетті. Бұл кезеңнің тағы бір маңызды сабағы – цифрландырудың қажеттілігі. Бұл бағыт ұлттық тұрақтылықты қамтамасыз етудің және бәсекеге қабілеттілікті арттырудың таптырмас құралы болып табылады. Осыған байланысты кемшіліктерді жою мақсатында ақпараттық технологиялар саласындағы жұмыстарға басымдық беріледі. Қасым Жомарт Тоқаев өз сөзінде атап өткендей, ұлттың сапасының жақсаруы оның жаңғыруына байланысты. Осы ретте Қазақстан өзінің жаңа ұлттық болмысын қалыптастырып, «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» түсінігіне сай өз мақсаттарына қарай нық қадам жасауда. Қорыта айтқанда, Қ.Тоқаевтың Жолдауы Н.Назарбаев кезінде басталған реформалардың жалғаса беретіндігін көрсетті. Бұл Қазақстанның жаңа жағдайға бейімделуі болып табылады. Жолдауда қойылға мақсаттардың жүзеге асуымен пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі артып, жұлдызы одан әрі жарқырайды деп сенеміз.

Хикмет ЭРЕН, Еуразиялық экономикалық қатынастар қауымдастығының (ЭкоАврася) Басқарма төрағасы