«Бес жасар қызды құтқарып, мүгедек болып қалған» – Полиция аман қалған қыздың ата-анасын тапты
«Бес жасар қызды құтқарып, мүгедек болып қалған» – Полиция аман қалған қыздың ата-анасын тапты
Фото: Әлеуметтік желіден алынды
188
оқылды

Николай Панюшкиннің айтуынша, 4 жыл бұрын бес жасар қызды құтқарып, сол оқиғадан соң өзі мүгедек болып қалған.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері оқиғаның рас-өтірігіне көз жеткізу үшін аман қалған қыздың ата-анасын іздеп тапты. Николай Панюшкин омыртқасын зақымдап, төсек тартып жатыр. Оған емделуге шамамен 3 миллион теңге қаражат керек. Әйелі қайтыс болып, өзі жалғыз қалған.

«Ел ішінде Панюшкиннің қызды құтқарғанына күмәнмен қарағандар да болды. Сол үшін оқиғаның мән-жайын анықтадық. Ақмола облыстық Полиция департаменті ювеналды полиция қызметкерлері мұрағат деректерін қайта тексерді. Расында да, 2016 жылы Николай Панюшкин қызды құтқарғаны анықталды. Тәртіп сақшылары құтқарылған қыздың отбасы Көкшетаудағы Абылай хан даңғылындағы №3 үйде тұрғанын анықтаған» делінген ресми хабарламада.

Полицейлердің айтуынша, бір ажалдан аман қалған қыздың отбасы Зеренді ауданы Симферополь ауылында тұрады. Қыздың көзі тірі әжесі болған оқиғаны растады. Олар 2016 жылы Көкшетаудағы Абылай хан көшесі, №3 тұрғын үйден пәтер жалдап тұрған.

Оқиға болған күні анасы балаларын үйде қалдырып, дүкенге кеткен. Бес жасар қыз балконнан құлап бара жатқан сәтте ер адам оны құтқарып қалған.