Ондаған жерүсті миналарын тапқан алып атжалман марапатталды
Ондаған жерүсті миналарын тапқан алып атжалман марапатталды
© Сурет ВВС сайтынан
619
оқылды
Магаваға алтын медальді кедейлердің үй жануарларына ветеринариялық көмек көрсететін Британдық PDSA қайырымдылық ұйымы берді. PDSA 1943 жылдан бастап соғыс жағдайында батылдығымен көзге түскен жануарларға, ал 2002 жылдан бастап бейбіт уақытта ерекше ерлік көрсеткен жануарларға марапаттар беріп келеді. "Камбоджадағы қауіпті миналарды анықтау және залалсыздандыру кезінде ерен еңбегі және мыңдаған адам өмірін құтқарып қалғаны үшін", - деп жазылған Магаваға берілген сертификатта. Камбоджада мамандардың айтуынша, 1970-1980 жылдардағы азаматтық соғыстан кейін жер бетінде қалған алты миллион Мина әлі күнге дейін көмулі жатыр. Былтырдың өзінде бұл миналарға түсіп 77 адам қайтыс болды. Елдің 40 мыңға жуық тұрғынының аяқ - қолдары кесілген. Бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіш. Магава Британдық Сент-Джордж Жануарлар Крестінің аналогы – PDSA медалін алған алғашқы кеміргіш болды. Бұған дейінгі лауреаттардың бәрі иттер болатын. [caption id="attachment_75084" align="alignnone" width="800"]Магава © Сурет ВВС сайтынан[/caption] Магава қазір жеті жаста. Танзанияда егеуқұйрықтарды дайындаудың бір жылдық курсынан өткен. Онда бельгиялық Apopo қайырымдылық ұйымы 1990-шы жылдардан бастап жануарларға миналар мен туберкулезді иісінен табуды үйретеді.
Apopo басшысы Кристоф Кокс Пресс Ассосиэйшен агенттігіне берген сұхбатында: "Бұл марапат біз үшін үлкен құрмет. Бірақ бұл Камбоджа тұрғындары үшін, сондай-ақ бүкіл әлемдегі миналардан зардап шегетін адамдар үшін өте маңызды", - деп атап өтті.
Магава Танзанияда туып-өскен. Оның салмағы 1,2 кг және ұзындығы 70 см - ге жетеді. Ол кәдімгі егеуқұйрықтан әлдеқайда үлкен болса да, оның мөлшері мен салмағы жерүсті минасы жарылуы үшін жеңіл. Apopo ұйымы өз бағдарламасының қатысушыларын HeroRATs ("батыр егеуқұйрықтар") деп атайды. Оларға металды емес, жарылғыш заттың ішіндегі химиялық қосылыстарды иіскеуге үйретеді. Бұл дегеніміз, егеуқұйрықтар жәй қоқыстарға мән бермейді. Сондықтан миналарды табу процесі тезірек жүреді. Егеуқұйрық жарылғыш заттарды тапқанда адамдарға хабарлау үшін жер тырнай бастайды. [caption id="attachment_75085" align="alignnone" width="800"]Магава © Сурет ВВС сайтынан[/caption] Магава теннис кортының көлеміндей жерді 30 минут ішінде тексеріп шыға алады. Ал металл детекторы бар сапер үшін бұл аймақты аралау төрт күнге дейін созылуы мүмкін. Сонымен қатар, адамдармен салыстырғанда егеуқұйрықтар үшін жарылыс қаупі аз. Магава камбоджалық тазарту орталығының мамандарына көмектеседі. Ол күнде таңертең жарты сағат жұмыс істейді және оның зейнетке шығуына аз қалды.
PDSA ұйымының басшысы Джен МакЛохлин: "Магаваның жұмысы мина қоршаған алапта  тұратын ерлердің, әйелдердің және балалардың өмірін сақтайды және өзгертеді", - деді. "Оның әрбір олжасы жергілікті тұрғындар үшін жарақат алу мен өлім қаупін азайтады".
Әскери қақтығыстардан зардап шеккен елдерде оқ-дәрілерді залалсыздандыратын Британдық HALO Trust ұйымының мәліметтері бойынша, Камбоджада 1979 жылдан бастап 1970-1980 жылдардағы азаматтық соғыс кезінде салынған миналардың жарылыстарынан кейін 64 мың өлім мен 25 мың мүгедектік жағдайы тіркелді. [caption id="attachment_75086" align="alignnone" width="800"]Магава © Сурет ВВС сайтынан[/caption] 1999 жылы жеке құрамға қарсы миналарды пайдалануға, өндіруге, сақтауға және тасымалдауға тыйым салатын Оттава шарты күшіне енді. Қазіргі уақытта оған 164 ел қол қойды. Ресей мен АҚШ келісімге қол қойған жоқ. 2014 жылы АҚШ президенті Барак Обама американдық армияның жеке құрамға қарсы миналарды пайдалануына тыйым салды. 2020 жылдың қаңтарында оның орнына келген президент Дональд Трамп бұл тыйымды алып тастады.