Қарттар үйіндегі қариялар неге наразы?
Қарттар үйіндегі қариялар неге наразы?
577
оқылды
«Шарапат» орталығы директорының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі орынбасары Ардақ Сейітованың айтуынша, вирус жұқтырған қарттардың денсаулығы қалыпты. Қариялар күнделікті қалыпты өмірге қайтып оралғанымен мекемедегі карантиннің әлі алынбағанына ренішін білдіруде. қарттар үйі a
«Коронавирус кезінде емханаға түсіп, сонда төрт қариямыз қайтыс болды. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері де бар. Қазір вирус жұқтыру қаупі сейілді. Ауырғандар, ем алып жатқандар жоқ. Айта кетерлігі, вирус шықты деп хабар тарағалы бері мекемеге келетін қариялар саны азайды. Бұған дейін адам саны 300-320-ы құрайтын. Вирусты егде жастағы кісілердің жұқтыру қаупі жоғары екенін естіп, әке-шешесін қарттар үйінен алып кеткендер болды», − дейді Ардақ Бейсенбайқызы.

Қарттар үйіндегі қариялар зейнетақысын қайда жұмсайды?

Қарттар үйіндегі қариялардың ай сайынғы зейнетақысының 70%-ын  мемлекет ұстайды. Бұл ереже 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданылып келеді. Мемлекет зейнеткерлердің ақшасын қалай, қайда жұмсайтынын Ардақ Сейітова былай түсіндіреді.
«Бұл ереже тек қарттар үйіндегі қарияларға қатысты. Олардың қолдарына зейнетақысының 30%-ы тиеді. Бұл шамамен 40 мың теңге. І, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар 36 мың теңге алады. Мемлекет ұстайтын зейнетақының 70%-ы қария тіркелген қарттар үйі я болмаса мекеменің шотына аударылады. Біз бұл қаражатты қариялардың дәрі-дәрмегіне, киіміне т.б шығындарына ұстаймыз. Бастапқыда зейнеткерлеріміз шағымданып біраз жерге арыз жазды. Кейін олардың зейнетақысынан ұсталатын қаражатқа мемлекеттік сатып алу порталы арқылы қажетті заттар алатынымызды түсіндірдік. Қазір біздегі қарттар бұл заңмен келісті. Бұрынғыдай түсінбестік жоқ. Біздегі қарттардың басым бөлігі ерлер. Олардың ішінде ақылы түрде тұратындар саны – 55.  Олар ай сайын 67 мың теңге төлейді. Бұл қариялардың бала-шағасы Қазақстан аумағында тұрады. Балалары шетел асқан қариялар бюджет есебінен қаржыландырылады. Бұл кісілер зейнетақысын толықтай өздері алады», − дейді Ардақ Сейітова.

Мемлекет зейнеткерлерді қолдауға дайын ба?

Елімізде 2 миллионнан астам зейнеткер бар. Олардың ішінде қариялар жиынтық зейнетақының ең төменгі мөлшерін 58 мың теңгеден бастап, жоғары шегі 128,5 мың теңгеге дейін алады. 2020 жылы зейнетақы төлемдерін қоспағанда, мемлекеттен егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қолдаудың түрлі бағытына 32 миллиард 670 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. [caption id="attachment_77416" align="alignnone" width="1200"]Қарттар үйі 3 ©А.Ахметқазы[/caption] Статистикалық мәліметтерге сәйкес, былтырғы жағдай бойынша қарттар үйінде 12 754 зейнеткер тұрады. Оның ішінде бала-шағасы, туысы жоқ қариялар саны − 5 965 адам. Белгілі тұрғылықты жері жоқ 2 186 қария бар. Ақылы негізде тұратындар саны − 638 адам. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар саны − 590.

Қарттар үйінде жерлеу рәсімі қалай өтеді?

 width= Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусинованың айтуынша, облыста жыл сайын қарттар үйіне келетін қариялар саны азайып келеді. Биыл 204 қария аталған орталықта тіркеуде тұр.
«Біздің орталықтағы қариялардың ұлты әртүрлі. Қазақтар мен өзге ұлт өкілдерінің саны тең. Қариялардың орташа жасы 70-тен асқан. Қарттар үйіндегі тұрғындар өмірден өткен жағдайда ол кісілердің бұрын келіп тұратын ағайын-туыстары, бала-шағасы тіпті, көршілері болған жағдайда оларға міндетті түрде хабар беріледі. Жақындары өз ортасында жерлейтін кездер болады. Заң бойынша рұқсат етілген. Егер ешкімі болмаған жағдайда жерлеу рәсімдерінің барлығын өзіміз өткіземіз.  Қарттар үйі жерлеу үшін міндетті түрде туған-туысының рұқсаты болуы керек», − дейді Бұлбұл Елеусинова.
Айта кетерлігі, қарттар үйінде бюджет есебінен тұрған қариялардың жерлеуіне мемлекеттің есебінен қаражат қарастырылған. Ал ақылы негізде тұрған қариялар жерлеу рәсіміне алдын ала ақша төлеуі тиіс. «Шарапат» орталығы директорының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі орынбасары Ардақ Сейітовадан жерлеу рәсімінің құнын сұрадық.
«Бізге ақылы негізде тұруға келген қарттарға бірден жерлеу рәсімінің ақшасын төлеу керегін айтамыз. Ол күнге кейбір қарттарымыз ақша қалдырады. Кейбірінің туған-туыстары алып кетеді. Жерлеу рәсімі християн дініндегі адамдарға 160-165 мың теңге болса, мұсылман дініндегі адамдарға 150-155 мың теңге. Біздің мекемеде қоштасу бөлмесі мен намазхана бар», − дейді ол.
Айта кетерлігі, қарттар үйінде тұрып баспаналы болып жатқан қарияларымыз да бар. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында былтыр бір қария кезегі келіп баспана алса, биыл тағы бір қарт үйлі болды. Бұл кісілер жеке үйге шықса да, қарттар үйінің қызметкерлері барып денсаулықтарын тексеріп тұрады. [caption id="attachment_77420" align="alignnone" width="1200"] width= ranking.kz[/caption]

Өзге елдің қарттары бақыттырақ...

Таяуда Bloomberg агенттігі зейнет жасында өмір сүруге ең қолайлы елдерді атады. Тізімде Исландия, Швейцария және Норвегия көш бастап тұр. Әлем бойынша Гонконг тұрғындары ең ұзақ өмір сүреді екен. Олардың өмір сүру ұзақтығы – 84,63 жас. Үздік үштікке Жапония, Макао сынды Азия елдері жайғасқан. Ал төртінші орында тұрғындары орта есеппен 83,56 жыл өмір сүретін Швейцария тұр, одан кейінгі орынға Сингапур (орта есеппен 83,39 жас) орналасқан. Қазақстан бұл тізімде 110-орында тұр. Зерттеу бойынша елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 73 жасты құрайды. Зейнеткерлерге қолайлы ел саналатын Исландияда азаматтар зейнетке 67 жасында шығады. Орташа зейнетақы – 1600 доллар. Теңгемен есептегенде 688 000. Бұл елде қарттық келгенде балаларының әке-шешесін қарттар үйіне беруі қалыпты құбылысқа айналған. Сондақтан қарттар үйінде тұру үшін зейнет жасына келмесе де алдын ала кезекке тіркеледі. Швейцарияның қарттары зейнетке 65 жаста шығады. Зейнетақы көлемі – 1876 доллар. Біздің ақшамен есептегенде 806 680 мың теңге. Швейцариялық қарттардың зейнетақысы жұмыс жасаған кезіндегі айлықтарының 80%-ын құрайды екен. [caption id="attachment_77421" align="alignnone" width="790"] width= ranking.kz[/caption]

Қарттық жеткенде денсаулықты қалай күту керек?

Қарттар күні қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК денсаулықты сақтап, ұзақ жылдар бойы қажырлы болу үшін не істеу керектігі туралы кеңестерімен бөлісті. Денені шынықтырып, белсенді болу. Таза ауада жиі серуендеу керек. Дене шынықтыру жаттығулары ағзаға жақсы әсер етеді, қартаю жылдамдығын айтарлықтай баяулатуға ықпал етеді, күйзелісті жеңуге көмектеседі. Баяу жүрудің өзі зат алмасуды, қан айналымын, тыныс алуды жақсартады, бұлшық еттерді жаттықтырады. Жүру кезінде жүйке жүйесі демалып, адам сергіп қалады. Дұрыс тамақтану. 50-60 жастан кейін ағзада физиологиялық өзгерістер болады – зат алмасу баяулайды, ішектің жиырылуы әлсірейді, ферменттердің белсенділігі төмендейді. Ең бастысы, аз әрі құнарлы өнімдермен тамақтану. Әсіресе, балық, сүт, әсіресе қышқыл сүт өнімдерін (айран, йогурт) көбірек тұтыну керек. Күніне 300-400 мл сүт және түнгі уақытта 200 мл айран ішу ұсынылады. Дұрыс ұйқы. Дұрыс ұйқы үшін дұрыс күн тәртібі қажет: күнде белгілі бір уақытта ұйықтау, кешкі асты ұйқыға дейін 2-3 сағаттан кешіктірмеу. Сондай-ақ ұйықтар алдында таза ауада серуендеу керек және өте әсерлі теледидар хабарларын көруге, ағзаны сергітетін сусындарды – қою шай, кофе ішуге болмайды. Жағымды эмоция. Жағымсыз эмоциялар, атап айтқанда реніш, үрей, сары уайымға салыну, ашу-ыза, қайғыру, қызғаныш, жек көру қауіп-қатер факторлары болып саналады, олар тезірек қартайтып, өмірді қысқартады. Ал жағымды эмоциялар – рахаттану, қуану ағзаның қуат алуына көмектеседі. Күлкі – бұл қуанудың, сергек көңіл күйдің және рухани денсаулықтың белгісі. Ол өкпенің қалыпты жұмыс істеуіне жақсы ықпал етеді, зат алмасуды реттейді. Профилактикалық тексеруден, скринингтен уақтылы өту. Скрингтік тексеру артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы, онкологиялық ауруларды уақтылы анықтауға мүмкіндік береді. Аталған қарапайым қағидаларды сақтау белсенді болуға, ұзақ жылдар бойы деніңіздің сау болуына көмектеседі.