Дәрігер коронавирусқа шалдыққан науқастардың қайсысы қауіпті екенін айтты
Дәрігер коронавирусқа шалдыққан науқастардың қайсысы қауіпті екенін айтты
177
оқылды
Екатеринбург денсаулық сақтау басқармасының бас балалар инфекционисі Татьяна Калугина коронавирусқа шалдыққан науқастардың қайсысы ортасына қауіпті екенін айтты. 
Оның айтуынша, коронавирустың жеңіл түріне шалдыққандар ауыр түрімен ауыратындарға қарағанда қауіпті. Өйткені олар вирусты ұзақ уақыт бойы жұқтыра береді. Бұндай ағым барлық жас тобында, соның ішінде балалар арасында да байқалады.
Дәрігер қазір Екатеринбургтегі №11 клиникалық ауруханада коронавирустың симтомсыз түріне шалдыққан  70 процент бала жатқаны айтты. Айтуынша, оларды әзірге ауруханадан шығаруға болмайды, өйткені олар айналасындағыларға вирус жұқтырады.
"Ата-анасы оларды алып кете алмайды. Біз балалардың денсаулығын жақсарта алмай жатырмыз, өйткені иммундық жүйесі вируспен күресе алмай жатыр", — деді Калугина Ura.ru-ға берген сұқбатында.