Қанат Ислам жекпе-жегін кейінге шегерді
Қанат Ислам жекпе-жегін кейінге шегерді
181
оқылды
Vesti.kz мәліметінше,  Қанаттың бастапқыдағы қарсыласы 23 жастағы Гонсало Кория болатын. Алайда онымен қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жұдырықтасатын болыпты.
Одан кейін қазақ боксшы "Пантера" лақап атты 32 жастағы мексикалық Хесус Гурроламен кездесу өткізуі керек еді, бірақ боксшының визамен қиындықтары туындаған.
Ал Қанат Ислам болса қазір АҚШ-та жекпе-жекке дайындығын жалғастырып жатыр. BoxRec мәліметінше, Ислам 16 қазан Плант-Сити қаласындағы бокс кешінде жекпе-жекке шығуы керек болған.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы рингке бір жылдай уақыт шыққан жоқ. 2019 жылдың 26 қазаны Алматыда өткен WBO International титулы үшін кейінгі жекпе-жегінде ол намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңген.