Дәрігер 17 пациентін құпия түрде ұрықтандырған
Дәрігер 17 пациентін құпия түрде ұрықтандырған
239
оқылды

Нидерландта бұрынғы гинеколог дәрігер 17 пациентін құпия түрде өз ұрығымен ұрықтандырған, деп жазады Daily Mail.

Зволле қаласындағы ауруханалардың бірінің өкілдері  1981-1993 жылдары жұмыс істеген доктор Ян Вильдшут (Jan Wildschut) өзінің генетикалық материалын пациенттерге ЭКҰ жасаған кезде пайдаланғанын айтты. Әйелдер дәрігер белгісіз донорлардың ұрығын пайдаланып ұрықтандырып жатыр деп ойлаған.

«Қазір дәрігердің өз балаларынан басқа  17 баласы өмірге келгені белгілі болды», — деп мәлімдеді аурухана дәрігерлері. Дәрігердің  әрекетін әріптестері адамгершілікке жат деп қабылдаған.

Аурухана қызметкерлері ол басқа пациенттерді ұрықтандырған болуы мүмкін деп есептейді. Сонымен  олар Вильдшуттың генетикалық профилін жасап шығарды. Енді басқа да жасанды ұрықтандыру жолымен дүниеге елген балалар дәрігердің өз әкелері екенін тексере алады.
«Оның донор бола алатынын білмекпіз. Ол қайырымды және адал адам секілді көрінетін», — деп сырын айтты журналистерге дәрігердің баласын өмірге әкелген аналардың бірі.
Вильдшуттың жасанды ұрықтаныдру жолымен өмірге келген балалары  оның отбасымен араласып тұрады екен, қарым-қатынастары жақсы көрінеді.

Дәрігерге қарсы қылмыстық іс қозғалмаған, өйткені ол жұмыс істеген кезде елде жасанды ұрықтандыруға қатысты ешқандай заң болмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында әйелдің өз баласын өлтіріп, тоңазытқышқа салып қойғанын жазған болатынбыз.