Атамбаевтың көлігіне оқ атылды
Атамбаевтың көлігіне оқ атылды
5,182
оқылды

Белгісіз біреулер Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың көлігіне оқ атты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Шабуыл Бішкектегі Ала-Тоо орталық алаңында социал-демократтар мен Бабанов партиясының біріккен күштері сөйлеп жатқанда жасалды. Әзірше басқа мәліметтер жоқ. Қазіргі уақытта қақтығыста жарақат алған бірнеше депутат және халықаралық телеарнаның бір журналисі туралы белгілі. https://www.youtube.com/watch?v=vGk9YmdLLgM&feature=youtu.be&ab_channel=Newsagency24kg Еске салайық, бұған дейін Бішкектегі Ала-Тоо орталық алаңында қақтығыс басталғаны хабарланған. Наразылық білдірушілер таяқ пен пластикалық бөтелкелер қолданған, сондай-ақ, атысқа ұқсас дауыстар естілген. 24.kg хабарлауынша, төбелесті саясаткер Садыр Жапаровтың жақтастары ұйымдастырған. Жапаровты Жогорку Кенештің (парламенттің) жекелеген депутаттары премьер-министр лауазымына ұсынған. Еске салайық, мұның алдында Атамбаевтың Бішкектегі митингіге келгені хабарланған еді. Наразылық акциясына Алмазбек Атамбаев, бұрынғы премьер-министрлер Сапар Исаков және Омурбек Бабанов қосылды. Олар жиналған жұрттың алдында сөз сөйлеген. Алмазбек Атамбаев жиналған жұрт алдында билік керек емес екенін айтқан болатын. "Мені көптеген адам, соның ішінде басқа елдердің, тіпті Еуропа елдерінің президенттері де көндірді. Мен билікті бейбіт жолмен беру үшін арнайы прецедент жасадым. Атамбаевқа билік керек емес. Жастар, сіздер маған балаларым сияқтысыздар. Мен 2010 жылы да уақытша үкіметке қарсы шықтым, өйткені еш жерде заңсыздық болмауы керек", – деген еді ол.