Киото университетінің ғалымдары коронавирустың адам терісінде 9 сағатқа дейін сақталатынын анықтады. Бұл тұмау вирусымен салыстырғанда шамамен 5 есеге артық уақытты құрайды.
Ғалымдар арнайы сынақ өткізіп, адам терісіне жүз мыңдай тұмау вирусы мен коронавирусты қойған.
Нәтижесінде тұмау вирустары адам терісінде шамамен 2 сағаттай, ал коронавирус алты сағаттан 9 сағатқа дейін жойылмай тұрыпты.