Әлемде коронавирусты қайта жұқтырудан кейінгі алғашқы өлім тіркелді
Әлемде коронавирусты қайта жұқтырудан кейінгі алғашқы өлім тіркелді
152
оқылды
Нидерландта коронавирус инфекциясын екінші рет жұқтырған 89 жастағы әйел адам көз жұмды. Бұл туралы Нидерланд ғалымдары Оксфорд университетінің сайтында жариялады.  Ақпаратқа сәйкес, кейуана Вальденстрём ауруымен де ауырған. Науқас алғаш рет КВИ жұққан кезде ыстығы көтеріліп, жөтеліп ауруханаға жеткізіледі. Сол уақытта оның тапсырған тесті де оң болып шықты. Бес күн ем алғаннан кейін беті бері қараған науқас ем алып болып, үйіне қайтарылды. Тек аздап әлсіз болған. Екі ай өткен соң осы әйел адам екінші рет ауруханаға түскен. Науқастың қызуы артып, жөтеліп, демікпеге шалдыққан. Тест оның бойында инфекцияның бар екенін көрсетті. Сегіз күннен кейін кейуананың жағдайы ауырлап, екі апта өткенде қайтыс болды.