"Анасы жаңа туған баласын жарты жыл бойы шкафқа тығып ұстаған": Нәрестенің жағдайы белгілі болды
"Анасы жаңа туған баласын жарты жыл бойы шкафқа тығып ұстаған": Нәрестенің жағдайы белгілі болды
5,250
оқылды

Ресейдің Екатеринбург қаласында дәрігерлер анасы жарты жыл бойы шкафта ұстаған жаңа туған баланың жағдайы қалай екенін айтты, деп жазады РИА Новости.

Сұмдық оқиға 9 қазанда белгілі болды. 37 жастағы Юлия Зыкова жаңа туған нәрестесін шкафқа аштан өлтірмек болып қамап қойған.

Бала ойламаған жерден табылды. Әйелге қонаққа келген құрбыларынің бірі ішімдік ішіп отырып, шкафты ашып қалып, сөмкенің ішінен баланы тауып алған. Әйелдер баланы орап, тамақ берген.

Қазір қыз бала тамақ жеп, су ішеді және ойнайды екен. Жалпы алғанда дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Анасына психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалған. Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейде 37 жастағы әйел жаңа туған баласын жарты жыл бойы шкафта тығып ұстағанын жазан болатынбыз.  Сондай-ақ  Алматы облысында әйелдің өз баласын өлтіріп, тоңазытқышқа салып қойғанын жазған болатынбыз.