Гамбург-Эппендорф университеттік клиникасының мамандары коронавирустың адам миына өте алатынын растады. Ғалымдар коронавирустан қайтыс болған пациенттердің мәйітіне зерттеу жүргізген соң осындайқорытынды жасаған. Бұл туралы The Lancet ғылыми журналында жарияланған мақалада айтылған.
Зерттеу кезінде ғалымдар 51-94 жас аралығындағы 43 коронавирус құрбанының мәйітін тексерген. Коронавирустан қайтыс болған осы адамдардың 53%-ының миында індет табылған.
Алайда инфекция миды тікелей бұза алмаған, мамандар коронавирустың миды зақымдауын тіркеген жоқ.