Жәнібек Әлімханұлы дисквалификацияланды
Жәнібек Әлімханұлы дисквалификацияланды
240
оқылды
Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та нокаутпен жеңген жеңісінен кейін дисквалификацияланды. Sports.kz сайты мәлімдегендей, 10 қазан күні таңертең орта салмақта қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) кәсіби рингте кезекті жеңісіне қол жеткізген болатын. Ол Лас-Вегаста Top Rank компаниясының бокс кешінде, екінші раундта Аргентина өкілі Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) нокаутпен жеңген еді. Осы айқастан кейін Невада штатының Атлетикалық комиссиясы екі боксшыға да шаршы алаңға шығуға шектеу қойды.

Жәнібек биылғы жылдың 24 қазанына дейін жұдырықтаса алмайды, ал оның қарсыласы ұзақ мерзімге, 9 желтоқсанға дейін шеттетілді. Бұл «дисквалификация» медициналық сипатқа ие, яғни айқастан кейін боксшылардың дұрыс қалпына келулері үшін қажет.