Қырғызстан президентінің міндетін кім атқаратыны белгілі болды
Қырғызстан президентінің міндетін кім атқаратыны белгілі болды
252
оқылды
Парламент спикері Қанат Исаев Қырғызстан президентінің міндетін атқаратын болады. Елдің конституциясында осылай деп көрсетілген, деп жазады 24.kg. 13 қазан күні Қанат Исаев парламент депутаттарының дауыс беруімен Жогорку Кенеш төрағасы етіп сайланған. Негізгі құжатқа сәйкес, мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаса немесе қайтыс болса, оның өкілеттігі елдегі екінші адамға – Жогорку Кенеш төрағасына беріледі. Бұған дейін Сооронбай Жээнбеков отставкаға кеткенін хабарлағанбыз.