"Әл-Каиданың" беделді басшысы Ауғанстанда өлтірілді, - деп хабарлайды Reuters.
Ауғанстанның қауіпсіздік күштері Федералды тергеу бюросының ең іздестірілген террористерінің тізіміне енген "Әл-Каида" жетекшілерінің бірі Абу Мухсин Әл-Масридің көзін жойды.
АҚШ Ұлттық терроризмге қарсы орталығының басшысы Крис Миллер Газни провинциясындағы арнайы операция кезінде Аль-Масридің қайтыс болғанын растады.
Миллердің айтуынша, "Әл-Каида" негізгі көшбасшысының өлімі - террористік ұйымның тиімділігі төмендегенін көрсетеді.