Түркиядағы зілзаладан жарақат алғандар саны 320 адамнан асып кетті
Түркиядағы зілзаладан жарақат алғандар саны 320 адамнан асып кетті
235
оқылды
Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 320 адамнан асып кетті, деп хабарлайды  Анадолы агенттігі. Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайдың алдын алу және салдарын жою жөніндегі басқарманың (AFAD) мәліметінше, Измирдегі зілзаладан 321 адам жарақат алған, 6 адам қаза тапқан. Үйінді астында қалған 70 тұрғын құтқарылған. Құтқару жұмыстарын жүргізуге 3 млн түрік лирі бөлінді. Түркияның ішікі істер министрлігінің мәліметінше, Измир қаласының Борнова мен Байраклы аудандарында жер сілкінісінен алты тұрғын үй қираған. Еске сала кетсек, Түркиядағы Измир жағалауында 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы сондағы қазақстандықтар көмек қажет болса тікелей елшілікке хабарласуы керектігін ескертті. Елшілік қазақстандықтар шұғыл хабарласуға болатын телефон нөмірлерін жариялады.