Париж тұрғындары қаладан жаппай кетіп жатыр
Париж тұрғындары қаладан жаппай кетіп жатыр
220
оқылды
Парижде жаңа локдаун күшіне енуге аз қалғанда тұрғындар Француз астанасынан кетіп жатыр. Жолдарда жүздеген шақырымға созылған кептеліс пайда болды. Дүкендер мен шаштараздарда ұзын-сонар кезек пайда болды. Бұл туралы ИноТВ хабарлады. Бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон індеттің күшеюіне байланысты елде жалпыұлттық карантин енгізген болатын. Шектеулер 30 қазаннан 1 желтоқсанға дейін созылады. Енді француздарға үйден тек медициналық көмек алу үшін, қажетті тауарларды сатып алу үшін немесе үйден бір шақырым радиуста бір сағаттан аспайтын уақытқа ғана серуенге шығуға рұқсат етіледі. Шектеу шараларын бұзғандарға 135 еуро айыппұл салынады. Франция үкіметі коронавирустың таралуын болдырмау үшін қайтадан карантин жариялау туралы шешім қабылдаған алғашқы ірі мемлекет болды. Францияда коронавирус  инфекциясымен ауырғандар күн сайын тіркеледі. Соңғы тәулікте (31 қазандағы деректер) 35,6 мыңнан астам адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Бір апта ішінде ауруханаларға СOVID-19 белгілері бар 16 865 пациент түсті. Оның ішінде 2 507 -і реанимацияға түсті.