Николаевта ер адам әйелі мен екі баласына химиялық сұйықтық құйып жіберген, деп жазады Korrespondent.net.
«Ауруханаға 33 жастағы әйел, 15 және 1 жастағы баланың түскені туралы хабарды полицейлер 31 қазанда кешке дәрігерлерден алды. Құқық қорғаушылар 31 жастағы ер адамның үйіне мас келіп, осындай қылмыс жасағанын анықтады. Ол мас күйінде қолына белгісіз сұйықтық бар бөтелкені алып, оны әйеліне, 15 жастағы ұлы мен 1 жасар қызына құйған», –деді Ұлттық гвардия баспасөз қызметінен.
Зардап шеккендер ауруханада жатыр. Қаскөйді полицейлер ұстады. Оған Укранина ҚК әдейі адам өлтіру бабы бойынша айып тағылды, енді ер адам 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Белгісіз сұйықтық құйылған бөтелке сараптамаға жіберілді.