Таным таласы: Францияда тұтанған дау таным таласы
Таным таласы: Францияда тұтанған дау таным таласы
337
оқылды

Әлем тари­хындағы үлкен соғы­тардың басым бөлігі дін үшін болған. Мысалы, Ғазауат соғысы мен Крест жорық­тарын алсақ та жеткілікті. Соғыс деп ай­дар тағудан ау­­лақпыз, бі­рақ осы жолы қозғағалы отыр­ған мәсе­леміз – дінге байла­ныс­ты араздық. Адам­зат та­­ны­мының түйісер ортақ нүк­тесі белгісіз. Соңғы кез­дері жа­һан жұрт­­­шы­­лығының на­за­­рын бұрған жайт – Фран­ция мен мұсыл­­­­мандардың жанжалы.

­Даудың басы – карикатура

Әуелі даулы оқиғаны қысқаша шола кетсек. 16 қазанда Парижде 47 жастағы мектеп мұғалімі Самюэль Пати кісі қолынан қаза тапты. Мұ­ға­лім қазасынан біраз уақыт бұрын оқушыларына сөз бостандығы жайлы айта келе, Charlie Hebdo са­тира ба­сылымының Мұхаммед пайғам­барға арнап жасаған карика­турасын көр­­сет­­­­кен. Барлығы осы­дан кейін бас­­­талды. Белгісіз біреу­лерден қоқан-лоқы көре бастаған мұғалімді соңын­да Мәскеуде туған, 18 жастағы этни­калық шешен Абдулах Анзоров өлтірді. Қылмыс жайлы айтудың өзі қорқынышты. Жасөспірім Тwitter желісіне мұға­­лімнің басы кесілген суретін жа­­риялап, пайғамбарды қор­­лағаны үшін «жазалағанын» алға тарт­қан. Қылмыскер ақыры поли­циядан қашып жүріп көз жұмды. Журнал редак­­­­циясы осы уа­қытқа дейін талай мәрте пайғам­барларға карикатура жасап, қар­сылыққа ұшы­­раған. Содан соң ба­сылымға қарулы ша­буыл жасау көбейді. 2011 жылы қа­раша айында әлдекім редакция ғимаратын өртеуге ұмтылса, 2015 жы­­лы журналға қарсы теракт бо­лып, 12 адам көз жұмған еді.

«Толеранттылар» кімге шүйлікті?

Сонымен, бұл жерде бәрін ушық­тырып тұрған бір журналдың ке­лемежі мен экстремистік ұйым­дардың оған қарсы «жауабы». Яғни, аталған екі тарапты да «сүттен ақ, судан таза» дей алмаспыз. Бірақ ең қызығы, Франция билігі мен халқы басылымды ақтап алуға әрекет жа­сады. Мәселен, мұғалім Самюэль Патиді еске алу, сөз бостандығы мен Франция үшін маңызды саналатын мемлекетті діннен бөліп қарау прин­ципін қорғау ак­цияларына ондаған мың адам жиналды. Париж бен өзге қалаларда жеке және әкімшілік ғи­ма­раттардың қабыр­ғаларына марқұм мұғалімнің порт­реті, республика белгісі және Мұ­хаммед пайғамбар карика­ту­ра­сының проекциясы шы­ға­рылды. Осыдан кейін Фран­цияның Ішкі істер министрлігі ислам экс­тре­мизміне қатысы бар деген күдік­пен 231 адамды елден шығаруға бұй­­­рық берген. Ал 23 қазанда Фран­ция президенті Эммануэль Макрон мұғалімді аза тұту рәсімінде ислам діні дағдарыста екенін айтып, Фран­цияны радикалды исламнан қорғауға шақыра келе «біз пайғам­барға жа­салған карикатура мен сурет­терден бас тартпаймыз» деп мәлім­деді. Қыс­қаша айтсақ, француздар ра­­дикалды ұйымдарға ғана емес, ислам дініне де қарсы кейіп таныт­қандай болды. Толе­ранттылық өз­дерінен бастау алға­нын жиі айтатын фран­­цуздардың осы әрекетіне мұсыл­­мандардың қар­сы реакция танытары әу бастан-ақ белгілі. – Бұған қатысты нақты шешім айту мүмкін емес, күрделі дүние. Көптен бері толқулар үзілмеді. Талай шеру болды, Францияның қаншама елшісіне, дипломаттарына шабуыл жасалды. Өркениетаралық, діна­ралық проблемаларда түйінді басып айту қиын. Баяғы Батыс пен Шығыс өркениетінің бәсекелестігі тағы бар. Франция билігінің де жан­сақ ба­сатын тұстары көп. Демо­­кратия әркімнің көзқарасын, пі­кірін сый­лайды, оның да өз шек­теулері бар. Ал француздар демо­кратия жайлы айтып, кейде өздері асыра сілтеп отыр. Charlie Hebdo журналының пайғамбарларға кари­катура жа­сауынан еш толерант­тылық көрмей­мін. Мысалы, Ислам дінінде өзге пайғамбарларды құрмет тұтады. Со­дан кейін Батыстың ақ­па­рат құ­рал­дары мұсылмандарды кө­біне «кі­нәлі» етіп көрсетуге құ­­­­­мар. Кез келген қылмыс болса да, астары­нан діни сипат іздейді. Өз кезегінде бұл мұсыл­мандардың араз­­­дығын қоз­дырады, оның жете­­­­гінде қаны қызба жастар кетеді. Бұл бір жағы ғана, – дейді саясат­танушы Расул Жұмалы. Бізді толғандырған «расымен француз халқы мұсылмандарға өш пе?» деген сауал болатын. Ол үшін біз Францияда өмір сүріп жатқан отан­дасамыз Әйгерім Ерсайынға хабар­­­ласқан едік. – Францияда тұратын фран­­цуздар, басқа ұлт өкілдері өте ашық, ешқандай негатив жоқ. Біреуді кем­сіткен сәттерін өз басым кездес­тір­медім. Керісінше, қызығушылық танытып, мәдениетің мен өнеріңе таңданыспен қарайтын. Мұнда дін мен саясат әркімнің өз жеке ісі са­налады, ол туралы мен де әңгі­ме­леуді жөн санамаймын, – деп қысқа қайырды ол.

Толассыз шерудің түйіні жоқ

Енді мәселеге қайта оралсақ. Францияның пайғамбарлар мен дінді келемеждеуге «жол беруі» ке­зекті даудың басын ашқандай. Хал­қының басым бөлігі ислам дінін ұста­натын елдерде жаппай нара­­зылық болып жатыр. Банг­ладеш, Индонезия, Пә­­кістанда демон­страциялар өтіп, ше­руге шыққандар Францияның туы мен Макронның портретін өртеді. Одан кейін Иор­­­дания, Катар мен Түркия секілді бір­неше ел француз тауарларына бойкот жариялады. Францияда бір­неше сайтқа исла­мистер тара­­­пынан хакерлік шабуыл жасалғаны қо­­сымша хабарланды. Көптеген ислам мемлекетінің бас­шылары Макронға қарсы ашу-ызаға толы сөздер айтты. Пәкістанның премьер-министрі Имран Хан Тwitter желісінде барлық мұсылман мем­­лекетін батыста өршіп жатқан ис­ламо­­фобияға қарсы күресуге ша­қырды. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров та шеру­­­шілер қатарына қосылып, Макронды «Мұхаммед пайғам­­­бардың кари­­­­катурасын қол­дап, Франция прези­­денті мұсыл­мандарды астыртын түрде теракт жасауға шақырып отыр» деп айып­тады. Ал Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған әріптесін «психи­калық ауытқуы бар» деп кі­­нәлаған. Бұған жоғарыда айтқан Charlie Hebdo журналы «отқа май құйғандай» болып, Түр­­­кия басшы­сының карика­­­тура­сын шығарды. Өз кезе­­гінде Ердоған ба­­­сылымды сотқа бер­ді. Бір сөзбен айтқанда, ислам ел­дерінің арасында дүрбелеңге түс­­пегені қалмады. Бұл соңғы бір ап­тадағы оқиғалар тізбегі ғана. Соңы бұлыңғыр. Құдды экс­тре­­­­мистік ұйым­­дардың қылмысын бейбіт мұ­сылмандар арқалағандай болды. Себебі мұның бәрі келе­шекке ислам дінін жеккөрінішті етіп танытуы мүмкін. – Экстремистік ұйымдардың асыра сілтеушілігі көп. Жалпы, Ис­лам әлемінің атын жамылып, моно­­полия құрады. Діни фана­тизмнің өкілдері заңға емес, «өзім білемге» салып отыр. Бұл – мұсыл­­­мандардың ішкі проб­­лемасының шешілмей отырғанының көрінісі. Менің ойым­ша, ислам ғалымдары, ғұла­малары осындай кезде үнсіз қал­мауы тиіс еді. Экстремистік топ­тардың кінәсін ашық айтып, ал шындығында мұсылмандар ізгі­­лікті, мейірімді қалайтын жұрт­шылық екенін жет­кізуі қажет бола­тын, – дейді Расул Жұмалы. ТҮЙІН Айналып келгенде «сезім­тал» мә­селенің соңын бағу мүмкін болмай тұр. 2015 жылы пайғам­барларды келемеждеумен танылған Charlie Hebdo-ға шабуыл жасалғанда Гер­мания канцлері Ан­гела Меркель «бұл әлем баспасөзі мен сөз бостан­дығына жасалған шабуыл» деген бо­латын. Алайда сөз бостандығы адам­зат се­німін мазақ етумен өлшен­бесе керек-ті. Ал радикализмді дінге әке­ліп жұптаудың кімге қажет бол­ғаны беймәлім.

мадиярМадияр ТӨЛЕУ