91 сағаттан соң үйінді астынан үш жасар бүлдіршін құтқарылды
91 сағаттан соң үйінді астынан үш жасар бүлдіршін құтқарылды
214
оқылды
91 сағаттан кейінгі ғажап. Измирде Айда Гезгин атты 3 жасар қыз құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Жойқын жер сілкінісінен кейін үйінділер астынан шығарылған 107-кісінің жағдайының бірқалыпты екені жарияланды. Қазірше ол Еге университетінің ауруханасына жатқызылды. 30 қазанда болған табиғи апаттан қаза тапқандардың саны 102-ге жетті. Зардап шеккен 1046 адамның 883-і жазылып шықты. Қалғаны дәрігерлер бақылауында. Жермен жексен болған 17 ғимараттың 12-сінде құтқару жұмыстары аяқталды. Бесеуінде төтенше жағдайлар тобы үздіксіз жұмыс жүргізіп отыр. Бұған дейін Түркияда 65 сағаттан астам уақыт бойы үйінділер астында жатқан үш жасар бүлдіршін құтқарылғанын жазғанбыз. 91 сағат