Үш жыл бұрын жоғалған ер адам өз үйінен өлі күйінде табылды, - деп жазады The Mirror.
Англияның Сток-он-Трент қаласы Стаффордшир графтығында үш жыл бұрын із-түзсіз жоғалған ер адам өз үйінен өлі күйінде табылды.
61 жастағы Джеральд Фрост 2017 жылы туыстарының өтінішімен іздестіріле бастаған. Ешкім оны көрмеген болып шыққан. 2020 жылы қыркүйекте оны үйінен өлі күйінде тапқан.
Еденде жатқан марқұмның қасынан оның дәрілері және шарап табылған. Полиция оның өліміне байланысты іс қозғады. Әзірге сарапшылар Фросттың өліміне байланысты ештеңе анықтай алмай отыр, алайда оның көз жұмғанына көп уақыт болмағанын айтып отыр.