Қытайдың Шаньдун провинциясында балабақша күзетшісі үшінші қабаттан секірген баланы қағып алды, - деп жазады Daily Mail.
Өткен бейсенбі, 30 қазанда, әжетхананың есігін аша алмай, ішінде қамалып қалған бүлдіршін терезеден секірмек болады. Тәрбиешілердің райынан қайтару туралы әрекеттері зая кетіп, бала үшінші қабаттан секіріп кеткен.
Абырой болғанда, сол жерде жұмыс істейтін күзетші оны қағып алған. Бала тез арада ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, оның маңдайы жарылған, бірақ өміріне қауіп төндіретін ештеңе жоқ.