Оқушы сабақ үстінде қайтыс болды
Оқушы сабақ үстінде қайтыс болды
160
оқылды

Мәскеудің оңтүстігіндегі мектепте дене шынықтыру сабағы кезінде оқушы қайтыс болды, - деп жазады ТАСС. 

Тергеу комитетінің Мәскеудегі бас тергеу басқармасының өкілі Юлия Иванованың айтуынша, бұл факті бойынша тексеру жұмыстары басталды.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 6 қарашада Мәскеудің оңтүстік әкімшілік округіндегі мектептің бірінде оқушы сабақ үстінде өзін нашар сезініп, кейін қайтыс болды", - деді ол.

Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
«Мектептің лауазымды тұлғаларынан жауап алынып жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деді Иванова.
Құқық қорғау органындағы дереккөздің хабарлауынша, қайғылы оқиға дене шынықтыру сабағы кезінде болған.