80 жастағы британдық Айрис Джонс Мысырдағы 35 жастағы Мохаммед Ахмед Ибрихке тұрмысқа шықты деп жазады Lenta.ru.
Олар 2019 жылы Facebook-те танысқан, бір-бірімен осы әлеуметтік желіде сөйлесіп жүріп, кейін британдық әйел арабқа Каирға ұшып келді. This Morning телешоуында ғашықтар қарым-қатынасын айтып берді.
Олар Египетте үйленгені белгілі болды. Британдық әйел сүйіктісі үшін исламды қабылдаған. Күйеуі шын ғашық болып, үйленгенін айтады."Маған оның азаматтығы да, ақшасы да керек емес. Мен өз өміріме ризамын. Мен жұмыс істеймін, Аллаға шүкір менің өзімнің жинаған қаражатым бар", – деді Ибрих.
Оның айтуынша, махаббат жасқа қарамайды. Жұбайы өзінің анасынан 20 жас үлкен екен.