Шатырға шығып, түсе алмай қалған баланы құтқарды
Шатырға шығып, түсе алмай қалған баланы құтқарды
167
оқылды

Аймақтағы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бала үйдің төбесіне ағаштың бұтағы арқылы өрмелеп шыққан.

Алайда бұтақтар сынған соң өздігінен түсе алмаған. Далада қараңғы түсе бастаған. Ол жарты сағат күткен соң, айқайлап көмек сұрайды. Оған сол маңайдан өтіп бара жатқан әйел көмекке келіп, құтқарушыларды шақырады.

«Шұғыл құтқару отрядының мамандары оқиға орнына келеді және ғимараттың төбесіне саты арқылы шығып, баланың жағдайын біледі. Бәрі дұрыс, тек төменге түсе алмай отырғанын біліп, оны жерге түсірді және анасына табыстады» делінген ТЖД хабарламасында.

Департамент мамандары ата-аналардан баласын қараусыз қалдырмауды сұрайды.