Атырау – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақ әуежайға шұғыл қонуға мәжбүр болды
Атырау – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақ әуежайға шұғыл қонуға мәжбүр болды
192
оқылды

Жолаушылар түсірген видеодан ұшақтағы жолаушылар арасында дүрбелең болғанын көруге болады.

Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі ұшақтың ұшып шыққаннан кейін 14 минут өткен соң 10 қараша сағат 23.17-де аман-есен қонғанын хабарлады. SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметі Атырау – Нұр-Сұлтан бағытында әуеге көтерілген ұшақтың құстармен соқтығысып қалғанын айтты. Сондықтан ұшақ әуежайға қайта қонған. Ұшақта 115 жолаушы болған. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. https://youtu.be/U8RS_YGjqp4 Видео: www.inform.kz