Ресей президенті Владимир Путин "Ресей халқы Ассамблеясы" жалпыресейлік қоғамдық-мемлекеттік ұйымын құру туралы жарлық шығарды. Тиісті жарлық ресми құқықтық мәлімет интернет-порталында жарияланған.
"Мемлекеттік ұлттық саясатты жетілдіру, жалпыресейлік азаматтық бірегейлікті және ұлтаралық келісімді нығайтуға атсалысу мақсатында "Ресей халқы Ассамблеясы" жалпыресейлік қоғамдық-мемлекеттік ұйымын құруды қаулы етемін", - делінген құжатта.
Құжатта РФ атынан Ресей халқы Ассамблеясының құрылтайшысы Ұлттар ісі жөніндегі федералдық агенттік екені айтылған.
Айта кетейік, бұл ретте Ресей бірлік пен ынтымақтың үлгісіне айналған, бір шаңырақ астында ұйысқан жүздеген ұлт пен ұлыстың басын біріктірген Қазақстаннан үлгі алып отырғаны айтпаса да түсінікті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылды. Бұл азаматтық қоғам институты Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бөлігі. Ол барлық этностардың мүдделерін топтастырып, азаматтарды ұлтына бөлмей, құқықтары мен бостандықтарының мінсіз сақталуын қамтамасыз етеді.