Мешіттегі садақа жәшігін ұрлаған күдікті ұсталды
Мешіттегі садақа жәшігін ұрлаған күдікті ұсталды
171
оқылды

Ақтөбе облысында мешіттегі садақа жәшігі ұрланған.

Қандыағаш қаласындағы «Нұртай» мешітіндегі садақа жәшігін ұрлаған күдікті ұсталды.

«Мешіттегі садақа жәшігін ұрлап кеткен күдікті көп ұзамай ұсталды. Күдікті деструктивті діни ағымда жүрген қала тұрғыны болып шықты. Ал жиналған ақша мұқтаж отбасылар мен балаларға арналған болатын. Жәшікте 200 мың теңге болған», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.