Қант диабетінің даму қаупін күрт арттыратын өнім белгілі болды
Қант диабетінің даму қаупін күрт арттыратын өнім белгілі болды
228
оқылды
Ғалымдар тауық жұмыртқасы екінші типті қант диабетінің даму қаупін едәуір арттыратынын анықтады. Мұндай тұжырымды Қытай медициналық университетінің мамандары Оңтүстік Австралия және Катар университеттеріндегі әріптестерімен бірге жасады. Зерттеу нәтижелері British Journal of Nutrition журналында жарияланды. Зерттеу 1991-2009 жылдар аралығында жүргізіліп, оған 8545 адам қатысқан. Ғалымдар күніне 38 грамнан артық жұмыртқа тұтыну қант диабетінің даму қаупін шамамен 25% арттыратынын анықтады. Ал күнделікті 50 грамнан (бір жұмыртқа) көп жегендерде ауру қаупі 60% артқан. Алайда бұл өнімнің ағзаға әсер етуінің нақты механизмі әлі анықталған жоқ.