Кейуана қабірден тірі күйінде табылды
Кейуана қабірден тірі күйінде табылды
225
оқылды

Қытайдың Шэньси провинциясында кейуананы тірі күйіне жерлеген 58 жастағы ұлы сотталды, - деп жазады China Daily.

Ер адам 79 жастағы анасын қол арбаға отырғызып алып кетіп, ешкім жоқ қабірге жерлеп тастаған. Үш күн өткен соң кейуананың жоғалғанын полицияға қаскөйдің әйелі хабарлады.

Басылымның жазуынша, кейуана қабірде шамамен 70 сағат жатқан.  Полицейлер оны тауып алып, ауруханаға апарған.

Кейуана құтқарылған соң ұлының түрмеге түсетінін айтып, алаңдаған.  Жергілікті БАҚ мәліметінше, қыркүйекте ол қайтыс болды.
Ер адамға анасын қасақана өлтірді деген айып тағылып, ол 12 жылға сотталды.