Елдің премьер-министрі Туилаэпа Саилеле Малиелегаои коронавирусқа шалдыққан адамның теңізші екенін және Жаңа Зеландияның Окленд қаласынан келгенін айтты.
Қазіргі уақытта ол ауруханада оқшауланған, оның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен.
Тынық мұхиттағы Самоа мемлекеті коронавирус жұқтырғандар тіркелмеген елдердің бірі болатын.