Нұр-Сұлтан: Бес бала тірідей жанып кеткен аумақта тағы екі бала өрттен зардап шекті
Нұр-Сұлтан: Бес бала тірідей жанып кеткен аумақта тағы екі бала өрттен зардап шекті
146
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласында жер үй өртенді. Өрттен екі бала зардап шекті.

Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің хабарлауынша, үй толықтай жанып кеткен.

«Сағат 18.06-да Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне Алматы ауданының Яблочная көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты деген хабар түсті.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйдің шатыры жалындап жанып жатқанын анықтады. Тілсіз жаудың таралуы сағат 18:36-да тоқтатылып, 18:46-да толығымен сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 70 шаршы метрді құрады. Оқиға салдарынан 2016 және 2019 жылдары туған бала орта және жеңіл дәрежеде көмірқышқыл газына уланған. Сондай-ақ 2019 жылғы баланың бетін күйік шалған (7%). Өрттің шығу себебі анықталуда», — деді ол.

yi.jpg

Екі бала №2 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Өртті Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 25 адам мен 4 техника сөндірген.

Былтыр да осы ауданда жертөле өртеніп, бес бала қаза болған еді. Сол қайғылы оқиғадан кейін Нұр-Сұлтанда өрт қауіпсіздігіне арналған рейдтер жиі ұйымдастырылады.