Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында үйлену тойына арналған автобусы аударылып, соның салдарынан бір адам қаза тауып, 45 адам жарақат алды, - деп жазады Hindustan Times.
Алдын-ала мәліметтері бойынша, жол апатына жылдамдықты шамадан тыс асырып жіберу себеп болуы мүмкін, соның салдарынан жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған.
Штат тұрғындары 46 жолаушыны автобустан шығаруға көмектесті. Зардап шеккендер Баргидегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығына жіберілді. Онда 65 жастағы әйел алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Апат салдарынан 45 адам ауыр жарақат алған, олар облыс орталығына жіберілді.
Автобус жүргізушісі апаттан кейін қашып кетті, полиция оны іздестіріп жатыр.