Стамбұл мен Түркістан арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін
Стамбұл мен Түркістан арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін
205
оқылды

Түркістан қаласында әуежай салынып жатыр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Turkish Airlines компаниясының басшысы Мехмета Илкер Айджи кездесуде екіжақты әуе қатынасын нығайту мәселесін талқылады.

Қазіргі кезде Қазақстанның бірнеше қаласынан Стамбұлға тікелей қатынауға болады. Болашақта Түркістан қаласындағы әуежай іске қосылса, халықаралық рейстердің саны артпақ.