Әйгілі футболшы Диего Марадонаның дәрігері Леопольдо Лукеге футболшыны абайсызда өлтірді деген айып тағылды, - деп хабарлайды "Р-Спорт".
Дәрігердің үйі мен клиникасында тінту шаралары жүргізіліп, Марадонаның ауруына байланысты құжаттар тәркіленіп алынды. Тергеу науқасқа лайықты назар аудармау және жұмысына салақтық таныту дерегі бойынша жүргізілуде.
Медбике Даяна Гисела Мадридке де қатысты тергеу жүріп жатыр, ол жауап алу кезінде 07:30-да Марадонаның бөлмесінен шығып жатқан дауысты естігені туралы жалған ақпарат берген. Оның футболшыны тексеруге кірген-кірмегені және қажет дәрі-дәрмек берген-бермегені анықталады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Марадонаның 25 қарашада 60 жасында қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.