"Өлім-жітім көп болады": Дәрігер әлемді жаңа эпидемия күтіп тұрғанын айтты
"Өлім-жітім көп болады": Дәрігер әлемді жаңа эпидемия күтіп тұрғанын айтты
270
оқылды

Дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников әлемді өлім-жітімі көп болатын жаңа эпидемия күтіп тұрғанын айтты. Бұл туралы ол  Telegram-арнасында жазды.

Доктор әлем коронавирус секілді эпидемияға дайын емес екенін айтты. Атап айтқанда, олармен күресу үшін бірегей вакцина жоқ.

«Егер өлім-жітім көрсеткіші 35-40 процент вирус келетін болса, вакцина пайда болғанша ондаған миллион адам көз жұмады. Мен қазіргі уақытта ғалымдар күшін осындай вакцинаға жұмылдыру керектігін айтып отырмын! Ақша-қаражат, құралдармен қамтамасыз ету керек», — дейді дәрігер.

Мясниковтің айтуынша, адамзат баласына құс немесе шошқа тұмауының қаупі төніп тұр.
«Вирусологтар айтқандай, қауіпті эпидемия бізден бірнеше қадамда жатыр! Қытайда құстар мен шошқадан тараған вирустың өзгеріске ұшыраған түрі үнемі тіркеледі!» — дейді маман.