Самарқанд қалалық соты әйеліне қолданылған памперстің қалдықтарын жеуге мәжбүрлеген жергілікті тұрғын Шехроз Каримовты алты жылға еркінен айырды.
Өзбек басылымдарының мәліметіне қарағанда, 36 жастағы Каримов "Өлімге дейін жеткізу" және "Денсаулыққа әдейі зиян келтірді" деген баптар бойынша кінәлі деп табылды.
Сотта Каримов кінәсін жарым-жартылай мойнына алып, бірақ әйеліне памперс қалдығын жегізгенін терістеген. Жәбірленуші Мустахкам Вахобова сот үкімімен келісетінін білдірген.
Өткен аптада прокурор соттан Шехроз Каримовты 8,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.