Солтүстік Корея билігі коронавирустың таралуына қойылған шектеу шарасын бұзғаны үшін ер адамды көптің алдында атып тастады. Бұл туралы Radio Free Asia басылымы хабарлады.
"Қарашаның соңынан бері Орталық комитет [Корея жұмыс партиясы] төтенше карантин шараларын күшейтті", — дейді Қытаймен шектесетін Солтүстік Пхёнан (Пхёнан-Пукто) провинциясының тұрғыны.
"Олар көпшілік алдында жұртты қорқыту үшін карантинді бұзған адамды атып өлтірді, бұл шекті аймақта халықты қорқыту үшін жасалды. Өйткені шекараның басқа жағында адамдар көп араласады, контрабанда көп", — дейді дереккөз.
Ату жазасына кесілген адам жасы 50 шамасындағы ер адам болып шықты. Олар 2020 жылы көп уақыт жабық болған шекара арқылы қытайлық іскер серіктестерімен кантрабанда ұйымдастырғаны үшін айыпталған.